«Абай қаласының орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бекітілген баға көрсеткіші бойынша тұрғындарға ақылы қызмет көрсетеді
Осы баға көрсеткіші «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету Ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 ж. 30. 12. №2299 Қаулысына сәйкес құрастырылды
Мынадай жағдайларда ақылы қызмет көрсету жүзеге асырылады:
-
Емделушінің бастамасымен диагностикалық және емдік емшаралар, соның ішінде МСАК маманының жолдамасы болмаса.
-
Стационарлық емдеуде, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық санитариялық алғашқы көмек мамандарының жолдамасынсыз
-
Күндізгі стационар жағдайында НӨМДД тізіміне енгізілмеген дәрі дәрмек препараттарымен емдеуде
-
Шетел азаматтарына медициналық көмек. Азаматтығы жоқ және қызмет ету аумағында тұрмайтын адамдарға және бекітілмеген тұрғындарға.
-
Жұмысқа тұруы және оқуға түсуі үшін азаматтарды медициналық тексеруде
-
Кәсіпорындармен келісім-шарт бойынша медициналық көмекте.