Created: 07 Қазан 2019
1304

Аудит қызметі

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 58 бабына сәйкес «Абай қ. ОА» КМК ішкі бақылау қызметі құрылды. Осы секторда тұрғын халыққа медициналық көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асыратын 2 сарапшы дәрігер жұмыс істейді, емхананың медициналық мамандарына ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстар жүргізеді.  Өткізілетін іс шаралардың сапасын арттыру мақсатында ай сайын учаскелік қызметтің жұмысының сапасын бағалау жөнінде комиссия мәжілісі, тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде дәрігерлер мен орта медицина мамандары арасында апталық лездеме жиналысы өткізіледі. Ішкі бақылау қызметінің міндетіне медициналық көмек көрсетулер тәртібін бұзу деректерін анықтау жатады.

Осыған байланысты, Егер Сіз: - медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса; - медицина мамандарының тарапынан дөрекілік қарым-қатынасты байқасаңыз;  - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет көрсетулерге медицина қызметкерлерінің ақшалай қаражат бопсалау дерегіне тап болсаңыз, - сондай-ақ егер Сіз медициналық қызмет көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқада проблемалық мәселелерге кездессеңіз, Сіз медициналық көмектің сапасын  басқару Қызметіне жүгінуге құқылысыз. Әділдік  және ашықтық қағидаларын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қаралады. Сізге ыңғайлы болу үшін Сіз медициналық ұйымның кіре берісінде  орналасқан өтініштерге арналған жәшіктерге өзіңіздің атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (мекенжай, телефон) көрсетіп, өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз.  Ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде қарауы мүмкін және он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей Сіздің өтінішіңізді қарау қорытындысы бойынша Сізге ақпарат береді.               

  • ПҚІБҚ басшысы – Асқарова Жұпар Қазбекқызы
  • Сарапшы – терапевт дәрігері – Беркамолова Гүлмира Нұрғалиқызы
  • Сарапшы – хирург дәрігері Бодықов Ерназар Боранбайұлы
  • ПҚІБҚ сарапшы мейіргері - Киселева Ольга Владимировна

телефондарының нөмірлері: 8(72131) 4-28-80

                                                     8 (72131) 7-99-35

                                                     8 7765094903

ПҚІБҚ-№152 кабинет

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма   сағат 09:00-ден – 17:00-ге дейін