«Абай қаласының орталық ауруханасы» МКК Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы
0

Бiздер туралы

Емхана қаланың және іргелес жақын кенттердің тұрғындарына (Вольный кенті, Қарабас кенті, Қызыл кенті, Қараған кенті) медициналық санитариялық алғашқы көмек және клиникалы-диагностикалық қызмет көрсетеді. Бұдан басқа қосалқы мердігерлік бойынша шарт негізінде Бұқар жырау ауданының Ж. Дубовка кентінің тұрғындарына консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді. Емхананың құрамында мынадай қызметтер бар:

 

  • Отбасылық денсаулық орталығы, алдын алу (профилактикалық) бөлімшесі, жастар орталығы және жеке мамандар, қабылдау 23 мамандық бойынша жүзеге асырылады: (Терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, ЖТД, эндокринолог, ересектер дәрігері, хирург, травматолог, стоматолог, психиатр, нарколог, фтизиатр, невропатолог, отоларинголог, инфекционист, онколог, логопед, дерматолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист дәрігері, психолог)
  • Функциональды диагностика бөлімшесі (ЭКГ, спирография, УДЗ тексеру)
  • науқастарды эндоскопиялық тексеру
  • Зертханалық қызмет (биохимиялық, клиникалық, цитологиялық, бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық тексеру)
  • Күндізгі стационар 40 төсек орын.
  • Стоматологиялық қызмет (терапевтік және хирургиялық стоматологиялық көмек)
  • Физиоқызмет (физиоемшара, массаж, ЕДК)
  • Жедел медициналық жәрдем.
  • Шаруашылық есептегі алдын алу тексерулер бөлімшесі.